ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ-ДАЛА ЖИЫНДАРЫНАН ӨТТІ

2019 жылдың 20-24 мамыр аралығында біздің мектепте 11 сынып ұлдарына арналған алғашқы әскери дайындық бойынша бес күндік оқу-дала жиыны өтті.

Жоғары сынып оқушылары үшін күн салтанатты саптық сапқа тұрудан, кедергілермен жүгіруден, күш жаттығуларынан басталды. Содан кейін балалар жауынгерлік тапсырмалар тактикасын және оқу автоматтарымен соғысты жүргізуді пысықтады.

Бес күндік жиын бағдарламасына пневматикалық винтовкадан ату, АК-74 бөлшектеу және құрастыру, белтемірге тартылу, 1000 метрге жүгіру, окопаны қазу, гранатаны алысқа лақтыру, уақытқа жалпы әскери қорғаныс жинағын кию, әскерилендірілген эстафета сияқты дайындық түрлері енгізілді.

Жиын жетекшісі, АӘД мұғалімі Қайыржан Қожағалиев: – биылғы жылы жиын бағдарламасы 30 оқу сағатына есептелген,оның барысында балалар ҚР ҚК жарғысы, саптық, атыс, әскери топография және тактикалық дайындық бойынша машықтарға ие болды. Сонымен қатар, жасөспірімдер дене шынықтыру дайындығында жақсы нәтижелер көрсетті. Жиын әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери қызмет өткеруге дайындау мақсатында өткізілді.

Жиындардың үздік қатысушылары әскери-дала жиындарына белсенді қатысқаны үшін Құрмет грамоталарына ие болды.

Оқушылар дала жиындарының қорытындысы бойынша марапатталды: алысқа граната лақтыру бойынша 1 орын – Бакаев Родион, 2 орын – Пушман Диас, 3 орын-Казгельдинов Темирлан;

1 000 метрге жүгіру: 1 орын – Мусагалиев Диас, 2 орын-Сабыржанов Ерсұлтан, 3 орын-Бакаев Родион;

Тартылу: 1 орын – Абдықапов Темірлан, 2 орын-Абикен Бекболат, 3 орын-Сабыржан Ерсұлтан;

АК-74 бөлшектеу және құрастыру: 1 орын – Изгутдин Уалихан, 2 орын – Қонысбай Жамбыл, 3 орын-Мусагалиев Диас;

Пневматикалық винтовкадан ату: 1 орын – Мендығалиев Тамирлан, 2 орын – Ахметкали Азат, 3 орын – Хасенғазы Рамазан.