ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!   2023 жылдың 9 қазанынан 18 желтоқсанына дейін Виртуалды мектепке 6-сынып оқушылары тіркеу жүргізіледі. Виртуалды мектепке тіркелген қазақ және орыс тілінде оқитын оқушылар «Математика», «Жаратылыстану», «Қазақ тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі» пәндерінен сабақ алып, өткен тақырыптарын бекітуге арналған тапсырмаларды орындап, қорытынды тестілеу тапсырады.   […]


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024–2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды. Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі. Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді. Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық […]


Ұзынкөл ауылының мектебінде ашық есік күні өтті   Қостанай облысы Ұзынкөл ауылының №1 тірек мектебінде ашық есік күні өткізілді, ол «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының қатысушысы. Алдағы үш жылда мектептің 70-тен астам мұғалімі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, ал білім сапасы айтарлықтай артады, дейді мектепте. № 1 Ұзынкөл мектебі 1968 […]


«Армысың, менің мектебім!» Бүгін Қостанай қаласындағы NIS-те жаңа оқу жылының басталуына арналған жарқын да есте қаларлық шара өтті. Білім күні оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды қызығушылықпен және толғаныспен қарсы алған нағыз мерекеге айналды. Мектеп табалдырығын аттағалы келген мектеп қауымдастығын таңғажайып толқу мен керемет эмоциялар орнады. Оқушылар жазғы демалыстан кейін достарымен, ұстаздарымен кездесу сәтін асыға күтті. Мерекелік […]


Аттестат алу кеші   Мектеп бітіру кеші – бұл достық пен адалдықтың, жастық шақ пен әдеміліктің мерекесі. Түлектеріміз мектеппен қоштасып, үлкен өмірдің жаңа мақсаттарына ұмтылып, қанат қаққалы отыр. Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 8 жыл ішінде 555 түлек түлеп ұшырды, оның 135-і шетелдік ЖОО-на түссе, 420-сы қазақстандық ЖОО-ға түсті. Биыл мектеп табалдырығынан 69 түлек аттанғалы […]


ГРАН-ПРИ атағы және екі I орын Қостанай NIS «HardChord» ВИА-ның еншілігінде.   Қостанай қаласындағы NIS-тің «HardChord» вокалды-инструменталды ансамблінің оқушылары «ASTANA CHILDREN’S FESTIVAL» IX Халықаралық көпжанрлық конкурс-фестивалінде өнер көрсетіп, ең жоғары нәтиже көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен вокалдық өнер номинациясы бойынша Қостанай ансамблі екі 1-орындарға және аспаптық өнер номинациясында байқаудың ең жоғары марапатымен Бас жүлдені жеңіп алды. […]


Робобатл WRO-2023 Қостанай NIS-те   Бүгін, Қостанайдағы NIS базасында Зияткерлік мектеп және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында робототехникадан олимпиаданың аймақтық іріктеу кезеңі өтті. Назарбаев Зияткерлік мектептері Қазақстан Республикасында робототехника бойынша жарыстардың ұйымдастырушылары болып табылады және жыл сайын Дүниежүзілік роботтар олимпиадасының ережелері бойынша жарыстар өткізеді. Олимпиадаға барлығы 9 команда қатысты. Қатысушылар тіркелгеннен кейін салтанатты ашылу […]


Назарбаев Зияткерлік мектебі 5-6 сынып оқушыларын Жазғы мектепке шақырады. Оқу бағдарламасында: «Improve your English» ағылшын тілі және «STEAM жазы – 2023» ғылым мен технология әлемі.   Жазғы мектеп Халықаралық мұғалімдердің қатысуымен өтеді. Бір мезгіл тамақтану Оқу бағдарламасы 2023 жылдың 5-16 маусымы аралығында өтеді. Тіркелу https://summerschool.nis.edu.kz/ сайтында 2023 жылдың 23 -31 мамырға дейін. Анықтама үшін телефон: […]


Жатақханаға орналастыруға өтініштер мен тиісті құжаттарды қабылдау

Құрметті ата-аналар! 2023 жылғы 1 маусымда Соңғы қоңырау мерекесін өткізуге байланысты жатақханаға орналастыруға өтініштер мен тиісті құжаттарды қабылдау мерзімі өзгерді. Өтініштерді қабылдау 02.06.2023 мен 23.06.2023 аралығында жүргізіледі. Құжаттар оффлайн режимінде қабылданады. Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін қатаң түрде жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін; үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін; сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады. Жексенбі […]


ТҮЛЕКТЕР АЛЛЕЯСЫ ЖӘНЕ РАУШАН ГҮЛІ   Қостанайдағы NIS-те үлкен өмірге қадам басу – түлектер аллеясын көгалдандырудан басталады деген игі дәстүр қалыптасқан. Болашақ түлектердің жыл сайынғы дәстүрлі мектепті абаттандыруда «Гүлдене бер, мектебім!» акциясымен жалғасты. Өмірде әрбір адам үш маңызды нәрсені істеуі керек: үй салу, ағаш отырғызу, бала тәрбиелеу. Осы қарапайым шындықтардан өмірдің негізгі философиясы басталады. Сыртқы […]


Еуропада екі дипломмен марапатталған Томирис   Қостанайдағы NIS 11 сынып оқушысы Томирис Айжарықова Еуропаның Франциядағы және Бельгиядағы өткен халықаралық олимпиадаларда I дәрежелі дипломдармен марапатталды. Томирис, екі ғылыми жобасын Бельгияда өткен «Student Research Conference» халықаралық байқауына және Францияда өткен халықаралық ғылым фестиваліне ұсынды. Ол өзінің зерттеулерін косметология саласына арнады. Қыз балалар көбінесе анасына немесе сүйікті актрисасына, […]


Қостанайдағы NIS-те 9 мамыр – Жеңіс күніне орай театрландырылған көрініспен басталды.   NIS оқушыларының қатысуымен көрсетілген театрландырылған қойылым әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған «Махаббат қызық мол жылдар» романынан алынған үзінді. Қойылымда соғыстан қайтқан Ербол есімді жігіттің, оның достары және болашақ жары Меңтай өмірі баяндалады. Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қоймай, […]


Қостанайдағы NIS-те «Халықтар достастығы» атты Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті   Мерекелік іс-шараға шаңырақтар өкілдері, көркемөнерпаздар және мектебіміздің өнер ұжымының қатысуымен театрландырылған көрініспен басталды.   Іс-шарада ерекше көзге түсіп, тиянақты дайындалып, айрықша белсенділік көрсеткен – әр шаңырақтың өкілдері болды. Әр шаңырақ оқушылары өз ұлттарының, атап айтқанда, украин, әзірбайжан, неміс, кәріс, орыс, түрік […]


NIS оқушысы Данияр Сарбасовтың «SBVC» жобасы   Сіздер бәлкім «SBVC» аббревиатурасымен таныс емес шығарсыздар, ол «Single Binary file Version Control» деген сөзден шығады, яғни бұл бір екілік файлға кез келген типтегі файлға арналған нұсқаны басқару жүйесі.   Дәл осы латын әріптерінің тіркесімен жазылған ғылыми жобасына Қостанайдағы NIS 12-сынып оқушысы Данияр Сарбасов авторлық құқық алды.   […]