«Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Тарихы терең, жұрты дана, табиғаты көрікті – Қостанай» атты «Туған елге тағзым» өлкетанулық экспедициясы өз жұмысын аяқтады.

2018 жылғы қазан айының 22-27 аралығында Ақтөбе және Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қостанай облысының тыныс-тіршілігімен танысты.

Осыған орай, экспедиция нәтижесін қорытындылау бойынша мәжіліс залда отырыс өткізілді. Оған арнайы педагогика білімдерінің магистрі, Қостанай мемлекеттік педагогика университеті, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының жетекшісі Баубекова Гаухар Қоныспаевна шақырылды. Екі мектептің оқушылары араласып, топ топқа бөлініп, экспедицияға барған жерлері бойынша есеп берді. Комиссия мүшелері оқушылардың презентацияларын тыңдап шығып, оң бағасын берді.

Мектебіміздің акт залында «Туған елге тағзым» жобасының жабылу рәсімі салтанатты түрде өткізілді. «Канн фестивалі» стиліндегідей қонақтарымыз қызыл кілем үстінен жүріп өтіп, орындарына жайғасты. Мектеп оқушыларынан құралған еріктілер тобы шағын концерт және түрлі ойындар ұйымдастырды. Кеш соңында үш мектептің өкілдері естелікке сыйлықтармен алмасып жатты. Осымен «Туған елге тағзым-2018» өлкетанулық экспедициясы аясында ұйымдастырылған «Тур де Қостанай» кезекті саяхатын жақсы көңіл күймен сәтті аяқтады. Келесі кездескенше дейміз!