“ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ” ҚОСТАНАЙДА

2018 жылдың 22-27 қазан аралығында Қостанай жерінде “Туған елге тағзым” зерттеу-өлкетану экспедициясы өтті. Биылғы жылы экспедицияға Ақтөбе және Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 24 оқушысы қатысты.

Биыл “Туған елге тағзым” жобасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дербес білім беру ұйымының 10 жылдығы аясында ұйымдастырылған халықаралық конференция.

“Туған елге тағзым” зерттеу өлкетану экспедициясы барысында оқушылар біздің өңірдің флорасы мен фаунасын, табиғи ландшафтарын, ұлттық саябақтар мен қорықтарын, тарихи орындар мен сәулет ескерткіштерін, ірі индустриалды-өнеркәсіптік нысандарын, мәдени мекемелерін, музыка, ән, аңыз, ертегілер, халықтың өзіндік ерекшеліктерімен танысты.

Экскурсия облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан, Жеңіс саябағынан, тың игерушілердің алаңынан, қаланың тарихи ғимараттарынан басталды. Содан кейін педагогикалық-мемориалдық мұражайы мен Алтынсарин кесенесіне барып қайтты. (Мичурин ауылы).

Отандық тау-кен өндірісінің флагманы болып табылатын Рудный қаласындағы “Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігімен” танысты.

Сонымен қатар “Қазақ тұлпары” зауыты мен “Арғымақ” ипподромын аралады. Мұнда ағылшын тұқымды жылқылар көруге мүмкіндік туды. “Арғымақ” ипподромының мінберінен қонақтар қазақ халқының ежелгі ат ойындарын қыз қуу, теңге алу, ат үстінде садақпен атуды тамашалады. Сондай-ақ, жергілікті салт аттракциондар қонақтар үшін жоғарыға сырғанайтын арнайы аттракционды ұйымдастырды. Осы күні “Қостанай мелькомбинаты” АҚ макарон фабрикасы жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Мұнда жұмысшылар “Корона” және “Купеческие”макарон өнімдерінің жаңа технологиясы мен өндірісі туралы әңгімеледі.

Наурызым өлкесінің флорасы мен фаунасын, топырағы мен ландшафтарын балалар Наурызым қорығына барып зерттеді. Бұл орын біздің облыстың ерекшелігі болып саналады, ол “Солтүстік Қазақстан даласы мен өзендері” номинациясы бойынша ЮНЕСКО тізіміне “дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра” ретінде енген.

Қонақтар екі ірі өнеркәсіптік кәсіпорынды аралады. “Золотомедном кен кәсіпорны “Варваринское” АҚ және отандық автомобиль құрылыс кәсіпорны “Сарыарқаавтопром” ЖШС.

“Туған елге тағзым-2018” өлкетану экспедициясы аясында ұйымдастырылған “Қостанайға Тур”кезекті саяхаты жақсы көңіл-күймен аяқталды.