«Бурабай” атындағы шаңырақ

Бұрындық хан

«Бурабай” атындағы шаңырақ

Педагог-ұйымдастырушы-куратор: Хамзин Нуржан Алимжанович

 

Шаңырақтың ұраны:

«Ой арманын кешеміз,

Ақылды боп өсеміз,

Құпияға толы әлемнің,

Жұмбақ сырын шешеміз!»

10 «D» және 11 «А» сыныптарының шаңырағы 38 оқушыдан құралған:

10 «D» сыныбында 21 оқушы оқиды, олардың әрқайсысы бастамашылдықтарымен, белсенді өмірлік ұстанымдарымен және өз пікірлерін жеткізе білу қабілеттерімен ерекшеленеді. Балалардың өзара қарым-қатынастары жақсы, әрдайым бір-біріне көмектесуге дайын тұрады. Оқушылар мектептің қоғамдық өміріне белсене араласады, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады, бұл өз кезегінде олардың бойында көшбасшылық қабілеттердің дамуына ықпал етеді.

11 «А» сыныбында 17 оқушы бар. Сынып оқушыларының танымдық әлеуеті зор және өзіндік білім көтеру белсенділіктері де жоғары. Сынып ұжымы қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. Ұсынылған кез келген іске қызығушылықпен кіріседі. Сынып ұжымында өзара түсіністік, іскерлік ынтымақтастық байқалады , өздері және ұжым үшін жауапкершілікті сезінеді.
Көптеген балалар қосымша білім беру жүйесінде тіркелген, яғни би, ән және спорт үйірмелеріне қатысады. Мектепте жүргізілетін барлық іс-шараларда ерекше ынтамен атсалысады. Би студиясына қызығушылықпен барады. Сыныптың әлеуметтік маңызы бар шараларына да қызығушылық танытады.
Бүгінгі таңда ұйымшыл ұжым ретінде қалыптасқан. Балалар ақкөңіл, жұмыс жасауға қабілетті, қасындағыларға көңіл бөле отырып, үлкендерге де, құрбыларына да құрметпен қарайды.