ПИЛОТТЫҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ

2019 жылдың 4 қаңтарында пилоттық мектептермен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жаңартылған білім беру мазмұнын сынақтан өткізу және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында “Қостанай қаласы әкімдігінің № 10 орта мектебі” ММ және “Алтынсарин ауданы әкімдігінің Свердлов орта мектебі” ММ мұғалімдері үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға пилоттық мектептердің 100-ден астам педагогтары қатысты. Семинар-практикумдардың мазмұны когнитивтік дағдыларды дамытудың практикалық тәсілдерін (есте сақтау, назар аудару), функционалдық оқу сауаттылығының дағдыларын (гуманитарлық цикл мұғалімдері үшін), жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқыту кезінде CLIL технологиясын қолдану әдістерін қарастырады.

Семинарға қатысушылар үшін “Ақпаратпен жұмыс істеу әдістері” практикумы, “Үй жұмысы бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік қызметін ұйымдастыру формасы ретінде ” және “Эмоциялық интеллект – тиімді коммуникацияның негізі” тренингтері ұйымдастырылды.

Барлық қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы қандай да бір тақырыпқа қатысты мәселелерді талқылау кезінде байқалды. Мұғалімдер ұсынылған тапсырмаларды практикумдарда үлкен ықыласпен орындады,ал жаттықтырушылар өз кезегінде әріптестерімен тәжірибе алмасуға қуанышты болды.