Химия мұғалімдері әдістемелік бірлестігі

Химии никоим образом научиться невозможно,
не видев самой практики и не принимаясь
за химические операции.

М. В. Ломоносов

Қостанай қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Педагогикалық шеберлік орталығының деңгейлік курстарынан өткен 10 мұғалім химия пәнін оқытады. 7-12 сынып оқушылары сабақта және сабақтан тыс жаһандық мәселелерді шешеді, қолданбалы сипаттағы зерттеулер жүргізеді. Мұғалімдер оқушылардың шығармашыл ойлауын, талдауын, синтезін, рефлексияны дамыту үшін оқытудың әртүрлі формалары мен тәсілдерін қолданады.

Зертханада мықты және сабақтан тыс зерттеу жұмыстарына арналған жаңа жабдықтар, алуан түрлі химиялық реактивтер бар. Сабақтар қызықты түрде, күнделікті өмірмен байланысты өтеді.

Химия әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері “Химия пәнінен олимпиада есептерін шешу” және “Зерттеу қызметінің негіздері” элективті курстарын өткізеді. Оқушылар облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен зияткерлік конкурстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

2017-2018 оқу жылынан бастап 11-12 сыныптарда оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Мұғалімдер осы тілді меңгеру деңгейін үнемі жетілдіреді. Осы мақсатпен Англиядағы (Лондон қ.) курстарға – 2 мұғалім, ағылшын тілін оқыту бойынша алшақтан оқу курстарына – BSC (Лондон қ.) – 3 мұғалім, мектепішілік курстарға – 10 мұғалім қатысты.

Біз мектеп, отбасы және оқушылар арасындағы ынтымақтастықта біз мемлекетіміздің жаңа ұрпағының даму деңгейіне жетеміз деп сенеміз.

Антаева Гульжихан Темировна

әдістемелік бірлестік жетекшісі

Нурушева Алия Балгабаевна

Тулубаев Назарбай Берикұлы

Slavisa Stosic

Жаилганова Ботагоз Балтабаевна

Нурсултанова Каракозайым Абатовна

Конспаева Гульмира Муратовна

Джангабулов Олжас Талгатович

Туралинова Гульжазира Сагитбековна

Рудик Елена Александровна