Биология мұғалімдері әдістемелік бірлестігі

Биология мұғалімдерінің әдістемелік бірлігі өздерінің оқыту тәжірибесін жетілдіру бойынша жұмыстар атқарады. Әр мұғалімнің кәсіби дамуының жеке жоспарына сәйкес бір жыл ішінде өзінің кәсіби дамуын жоғарылату бойынша нақты өз мақсаттары бар.

Дағдылардың дамуы мен оқытудың сапасы әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің «АҚТ», «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі» сияқты мектепішілік курстарына қатысуларымен байланысты. Биология ӘБ мұғалімдерінің тоғызында олардың рейтингісін көтеретін IELTS сертификаты, сонымен қатар Елбасы Жарлығына сай халықаралық талаптарға ұмтылатын сәйкестік бар.

Мұғалімдердің жетеуі 3-деңгей сертификатына ие болса, 2-деңгей біреу (Аубакиров Б.М.) және бір мұғалім бірінші деңгей (Вартаньян Г.В.) сертификатына ие. Мұғалімдер оқыту үрдісінде, З-деңгейлік мұғалімдер өз сабақтарында алған білімдерін сәтті жүзеге асырады.

Мұғалімдер жартыжылдықта біліктілікті арттырудың 6 курсын өтті, солардың ішінде: Сабақтардағы CLIL әдіс-тәсілдері; SТЕМ ROBOTICS program; олимпиадалық тапсырмаларды шешу бойынша Курс; Leading the turnaround of your Science Department for Success; Triple Science Approach Training Course for Qualified Teachers; Tripple science integration trainer.

Оқыту үрдісінде қолданылған түрлі әдіс-тәсілдер, стратегиялар білім беру үрдісінің сапасын арттыруға бағытталған. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда, оқушылардың білім сапасы 1,6% жоғарылады, осылайша, 99,8% құрады.

Жалпы бұл бағытта – зерттеу жұмыстарын жазуда 19 оқушы қатыстырылды, олардың ішінде 4 оқушы биология ғылымдарының кандидаты Беишова И.С. жұмыс жасайды.

2017 жылдың 17-26 сәуірінде химия, физика, биология әдістемелік бірлестіктерінің Science апталығы өтті. Апталық оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша жалпы түсініктерін қалыптастыруға, пәнаралық интеграцияға бағытталған.

Қазіргі таңда үрдістің оңтайландырылуы, командалық жұмыстың дамуы сезіледі. Ғылыми жобалармен айналысуға қызығушылық танытып жатқан оқушылар саны артуда.

Байтемиров Мадияр Кайратович

әдістемелік бірлестік жетекшісі

Вартаньян Галина Васильевна

Жансугурова Ксения Вадимовна

Аубакиров Багдат Мейрамович

Жангабылов Нурадил Каратаевич

Баяхметова Анар Кумаровна

Selwyn Eugene Jacobs

Кудебаев Ерназар Еркинович

Есенғали Мөлдір Маратқызы