“HIP-HOP” СТИЛІНДЕГІ ФЛЕШ-МОБ

2019 жылы 22 қаңтарда мектептің акт залында “Hip-Hop” стилінде НЗШ кубогына көптен күткен II флеш-моб чемпионаты өтті. “Hip-Hop” ең танымал заманауи би стильдерінің бірі, ол өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастау алып, XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында көптеген адамдардың жүрегін сенімді жаулап алған әлемдік жастар мәдениетінің құрамдас бөлігі болып саналады.

Би жарысына 16 шаңырақтан ең креативті және шығармашыл өкілдері қатысты. Өнер көрсеткен командалардың негізгі міндеті тек негізгі би нөмірлерін дайындау ғана емес, сонымен қатар тиісті костюмдерді таңдау болды. Әр команда 2 минут ішінде “Hip-Hop” стилінің әртүрлі техникаларын меңгергенін көрсетті.

Әділ төрешілердің пікірінше, НЗМ Кубогының жеңімпаздары мен иегерлері “Тобыл” шаңырақ командасы болды. Балалар өз биінің идеясын, көше мәдениетінің көңіл-күйін жеткізе отырып, барлық элементтерді орындап, көрермендер мен төрешілерді қуантты және бір мезгілде таң қалдырды.