CIS аккредитациясы

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ даму стратегиясы білім қызметтерінің жоғары сапасын растау ретінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің халықаралық ұйымдардан аккредитацияны алуын қарастырады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Қостанай қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы 2015 жылдың 9 желтоқсанында алғаш рет Халықаралық мектептер Кеңесінде мүше болуға өтініш берді. Мектептік қоғамдастық Халықаралық аккредитациядан өту үрдісі бойынша мектепішілік жиналыста, Педагогикалық кеңесте, ата-аналар жиналыстарында, оқушылар жиындарында танысты.

Халықаралық СІS аккредитациясынан өту рәсімі ұзақ мерзімді болып табылады және бірнеше кезеңдерден құралады: мүшелікті алу, екі сапардан құралған аккредитация кезеңдерінен өту, сонымен қатар аккредитацияны бекіту мен сертификат алу. Аккредитация кезеңдерінен сәтті өту және мектептегі білім беруді үздіксіз жақсартуға бағытталған жалпы сапаны қамтамасыз ету мақсатында CIS стандарттары бойынша жұмыс топтары құрылды.

Мүшелікті алу мақсатында  2016 жылдың қыркүйегінде CIS сарапшысы, Кристофера Дербиннің, Валидационды сапармен келуі ұйымдастырылды. Сапар нәтижесінде мектеп Халықаралық мектептер Кеңесіне мүшелікті алды.

2017 жылдың 9 ақпанында мектеп Аккредитация кезеңдерін өту үшін өтініш берді және «Аккредитацияға үміткер» дәрежесін алуға дайындалуда. 2017 жылдың қыркүйегінде  CIS сарапшыларының алдын ала сапары күтілуде.

CIS