Мектеп туралы
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2014 жылдың 12 желтоқсанында ашылып, Назарбаев Зияткерлік мектептердің қатарына он жетінші болып қосылды.
Мектеп іскерлі оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытуға, білімін қалыптастыруға көмектесетін біліктілігі мен дағдысын дамытуға, адами құндылығы жоғары, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзінше дамуға ұмтылатын, шығармашыл, физикалық және рухани дамыған азамат тәрбиелеуге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептері Кембридж Университетінің эксперттерімен бірлесіп жасалған Кіріктірілген Білім беру бағдарламасымен іске асырады.
Профильді пәндердің физика мен математика болғанына қарамастан, гуманитарлық пәндер мен тілдерді оқытуға да назар аударады. Оқушылардың пәндерді үш тілде оқуға мүмкіндігі бар. Осылайша, оқушылардың жан-жақты, үйлесімді дамуына мүмкіндік бар.
Педагогтердің Зияткерлік және кәсіби дамуын арттыру мақсатында НЗМ торабында және шет елдерде біліктілікті арттыру курстары өтіп тұрады.
Оқу – тәрбиелеу процесін 211 мұғалім мен АҚШ, Канада, Сербия, келген 4 халықаралық мұғалім, сондай-ақ, қосымша білім беру педагогтері, педагог-психологтер, педагог-куратор-ұйымдастырушылар, тәрбиешілер ұйымдастырады.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың адамгершілік, адами, ұлттық (абырой, сыйластық, тәртіп, құрмет) құндылықтарын арттыру, өз ісіне деген жауапкершілікке, өмірге мағыналы көзқараспен қарауға, басқалардың пікірін тыңдауға, ескеруге, өз пікірін басқалардың пікірін өз пікірімен салыстыруға үйрету.