НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

“Наурыз” – жаңа жылдың басы, жаңарудың, тазалаудың, махаббат пен сұлулықтың символы болып саналатын Шығыс мерекесі.

2019 жылдың 6 сәуірінде Наурыз мейрамын тойлау Қостанай қ. ФМБ НЗМ ерекше ауқымда өтті.

Бұл күні мектеп ауласы қазақ халқының өмірі мен тұрмысын ұлттық инсталляциялармен безендірілді, дәл осы жерде оқушылар, мұғалімдер мен мектеп қонақтары шулы ойындармен, театр қойылымдарымен, би-музыкалық нөмірлермен көңіл көтерді.

“Қазақша күрес” ұлттық ойынына қатысып, арқан тарту арқылы жігіттер күш сынасты. Барлық қонақтарды дәмді тағамдар күтіп тұрды, әсіресе, наурыз көже ерекше таң қалдырды. Мектеп асханасы қызметкерлерінің қолынан сусын ыстық бауырсақпен қатар таралды.

Наурыз – халқымыздың руханилығы мен мәдениетін көрсететін, тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқаратын достық пен бірлік мерекесі. Ол жаңа жетістіктердің бастауы болсын, әрбір үйге махаббат пен амандық әкелсін.