ЗИЯТКЕРЛІК ТРИАТЛОН

ЗИЯТКЕРЛІК ТРИАТЛОН

2019 жылдың 13 сәуірінде Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тәжірибе тарату аясында “Зияткерлік триатлон” өтті. Іс-шараның мақсаты-зияткерлік спорт түрлерін дәріптеу, балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

“Зияткерлік триатлон” үш кезеңнен тұрды: шахмат, спидкубинг және зияткерлік үстел ойыны. Жарыс жеңімпаздары шахмат және спидкубинг нәтижелері бойынша командалық есеппен анықталды,үстел ойындары сынақтан тыс ұйымдастырылды.

Шахмат турниріндегі бәсекелестіктің жоғары деңгейін атап өткім келеді. Жеңімпаз команданы анықтаудағы шиеленіс соңғы турға дейін сақталды. №1 мектеп-лицей және №7 ОМ оқушылары бірдей ұпай жинады, сондықтан біріншілікті қосымша коэффициент бойынша анықтауға тура келді, атап айтқанда №7 ОМ сәл жоғары болған Бухгольц коэффициенті бойынша. Үшінші орынға №9 ОМ командасы ие болды.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары Рубик текшесін жинауда жоғары деңгей көрсетті. Жарыстың осы түрінде 18,02 секундта кубик жинаған №17 орта мектептің оқушысы Нұржанов Әмір үздік атанды және бірінші орынды, екінші орынды №15 орта мектептің оқушысы Омаров Арман, уақыты 27,04 секунд, үшінші орынды № 1 лицей – мектебінің өкілі Утебаев Мансур 41,06 секунд нәтижесімен иеленді.

Жалпыкомандалық есепте “зияткерлік триатлонның” абсолютті жеңімпазы Қостанай қ. №1 мектеп-лицейі, екінші орын – №7 ОМ, үшінші орын- № 17 ОМ.

Жыл сайын зияткерлер саны көбейіп , бұл турнир дәстүрлі болады деп үміттенеміз.