Қазіргі күнге дейін аталып келе жатқан “Қарттар күні” 1991 жылдың 1 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясы “Қарттар күні” атты мереке жариялады. “Қарттар күні” – үлкендерге көмек көрсету және оларды құрметтеу қажеттігін еске салатын мереке, өйткені олар бүкіл қоғам үшін үлкен маңызға, мәртебеге ие.

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі осындай тамаша күнге арналған концерт ұйымдастырды. Іс-шараға қаламыздағы алты Ұлы Отан соғысының ардагері, бір еңбек ері, жеті тыл ардагері, екі 6 ай тыл өтілінде еңбек атқарған ардгерлер, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері барлығы 26 ардагер қатысты.  Бұл күні сахнадан аға буын атына алғыс сөздер айтылды. Біздің мектептің музыкалық және хореографиялық топтары көптеген жарқын және әсем нөмірлер ұсынды.

Мектеп қоғамдастығы ұйымдастырған қайырмыдылық акциясы негізінде жинақталған азық-түлік өнімдері тарту етілді. Өз кезегінде ардагерлер оқушыларға ақыл-кеңестерін, бата-тілектерін берді. Іс-шара соңында қарттармызға арналған мерекелік дастархан жайылып, дастарханнан дәм тартты.

“Қарттар күні” – жастар үшін үлкендерге құрмет, махаббат пен алғыс білдіру, олардың бүкіл әлем қоғамы үшін маңыздылығын атап өту мүмкіндігі.