Табысты мектеп үлгісін құру

 

Қостанай NIS-те Қостанай облысының мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары «Заманауи мектепті басқару» білім беру компьютерлік симуляциясында табысты мектеп үлгісін жасау үшін бас қосты.

Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері Мәскеудің «Ed Crunch Academy» академиясының IT мамандарымен бірлесіп жасалған бірегей білім беру бағдарламасы виртуалды симулятор жұмысын ұсынды.

Компьютерлік симуляцияда 158 қатысушы басқару шешімдерін қабылдау, талдау және одан әрі жұмысты жоспарлауда аналитикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.

Қарасу орта мектебінен қатысып отырған ең жас команда компьютерлік тренажер сіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды көруге көмектесетінін атап өтті.

– Менің ойымша, компьютерлік симуляция виртуалды түрде болса да, бұл ойын басқарушылық қызметтің барлық дағдыларын сезінуге мүмкіндік берді. Яғни бұл жерде қызметтің барлық тұстарын дұрыс талдап, пысықтау қажет, – дейді Қарасу мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дина Ақукаева.

Тренажерде әр команда өзінің виртуалды мектебін жүргізді. Модельдеу үлгілерінің шынайылығы және ұсынылған жағдайлық есептер менеджерлерге қабылданған шешімдердің әсерін көруге және олардың тиімділігін бағалауға, сондай-ақ салдарын болжауға мүмкіндік берді.

– Директорлық тәжірибем 23 жыл болғанымен өзіме осы виртуалдық симуляцияда алар дүнием өте көп. Иә, әрбір басқару параметрін жеке алсақ, бұл таныс сияқты, бірақ әр директорде болуы керек ақпарат пен білімнің көлемі толық картина жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл тренажер біздің көз алдымызда басқаруда нені ескеру керектігін, неге басым көңіл аудару керектігін көрсетеді. Сондықтан бұл тренажер жұмыс өтілі мен тәжірибесіне қарамастан директорлардың маңызды кезеңдері үшін өте қажет, – деп бөлісті Қостанай ауданы Владимировская мектебінің директоры Руслан Мушкудиани.