Болашақ ұстаздар Қостанайдағы NIS-те педагог мамандығы бойынша нұсқаулық алуға гайдта жиналды

 

Қазіргі Қазақстанда жоғары білікті педагог мамандарды табу мәселесі өзекті болып қала берді. Көптеген басшыларды: «Жастарды мектепке қалай тартуға болады?, «Жоғары сынып оқушыларын педагогикалық мамандық таңдауда қалай қызықтыруға болады?», «Мектептің кадрлық резерві мәселесін қалай тиімді шешуге болады?» деген сұрақтар ойландырады.

Осы мәселелерді шешу үшін Қостанайдағы NIS педагог мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдаған ауыл мектептері оқушылары үшін «Ұстаздық ұстаным» атты педагог мамандығы бойынша гайд ұйымдастырды.

Бұл нұсқаулыққа Қостанай облысы бойынша жалпы білім беретін мектептерінен 7-11 сыныптарының 44 оқушысы қатысты.

– Назарбаев Зияткерлік мектебі – тәрбиешілерді, ата-аналарды және оқушыларды әрдайым қонақжайлылығымен қарсы алатын мектептердің бірі. Біз ұстаздық мамандықты таңдаған оқушылармен жүздесіп, мектепті көрсетіп, оларға біздің мұғалімдер оқытудың ең қарапайым әдіс-тәсілдерін көрсетті. Сол күні мектепте ұйымдастырылған шығармашылық шеберханалар барлық қатысушыларға шығармашылық кәсібімізді одан әрі жандыруға мүмкіндік берді, – деді Қостанай NIS директоры Гульнара Дусказиева.

Қостанай облысында бірнеше жылдан бері Білім басқармасының «Үздіксіз білім берудегі педагог» бірегей авторлық жобасы жұмыс істейді, оның аясында жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептердің директорлары мақсатты кәсіптік бағдар беру арқылы өзекті мәселелерді шешуде. Мысалы, бірнеше жыл ішінде Қарабалық ауданындағы ШЖМ мектеп әкімшілігі 26 мұғалімнен тұратын педагогикалық ұжымы бар, оның ішінде осы мектептің бұрынғы 24 оқушысы осы бағдарламаның арқасында мұғалім болып оралды. Іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ректоры, география ғылымдарының докторы Сеитбек Қуанышбаев және педагогикалық институттың оқытушылары, сонымен қатар Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері қатысты.

– Қостанай NIS базасында біз осы Нұсқаулық аясында балаларды мұғалімдік мамандыққа баулудамыз, онда олар әртүрлі пәндер бойынша оқу жоспарындағы жаңалықтарды және Зияткерлік мектепте мұғалімдердің қандай жұмыс жасайтынын біле алады, – деп Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Татьяна Набатникова хабарлады.

Педагог мамандығының артықшылықтары туралы TEDx форматындағы шығармашылық баяндамаларымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амир Ажмухамбетов, химия пәнінің мұғалімі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Гульмира Конспаева ұстаздық мансабын құрудағы жеке тәжірибесімен бөлісті сондай-ақ кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесші Ләззат Қалақованың баяндамасы да мазмұнды болды, ол аймақтағы, еліміздегі және дүние жүзіндегі колледждер мен жоғары оқу орындары туралы, мұғалім болудан бас тартуға болатынын айтты.

Ресми бөлімнен кейін қатысушылар тақырыптық бағыттар бойынша ұйымдастырылған аймақтарға бөлініп, нұсқаулықтың мазмұнымен таныса бастады.

– Мен болашақ мұғаліммін, дәлірек айтсақ химия пәнінің мұғалімімін. Химияны жақсы көретіндіктен, осы мамандықты таңдадым, осы пәнге деген сүйіспеншілікті оятқан – ұстазым болды. Мен бұл шараға қатысқаныма өте қуаныштымын, өйткені мен көп нәрсені үйрендім. Біз өте мазмұнды эксперименттер жүргіздік, нәтижесінде өзіме қажетті жақсы ақпараттар алдым.

Зияткерлік мектепке келгеніме өте қуаныштымын, өйткені бұл менің арманым, мақсатым болды және оған қол жеткіздім. Болашақта өмірімді Зияткерлік мектепте ұстаздықпен байланыстырғым келеді, себебі мұнда ұстаздарға барлық жағдай жасалған, – деп бөлісті Б.Майлин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Айым Құдайбергенова.