Оқушының басты құжаты қолында!

 

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде 2022 жылғы түлектерге мектеп бітіргені туралы аттестаттар салтанатты түрде табыс етілді.

Сертификат алу – ересектердің тәуелсіз өміріне көшуді бейнелейтін әрбір адамның өміріндегі маңызды оқиға. Мектеппен қоштасу – ұстаздар мен ата-аналарға арналған түлектердің алғыстары мен ризашылықтары айтылатын  ұмытылмас әсерлі іс-шара.

Мектеп ашылғаннан бастап, 7 жыл ішінде 555 түлек шығарды. 2022 оқу жылында Қостанай қаласының ФМБ НЗМ қабырғасынан 84 түлек шықты. Оның ішінде 20 оқушы алыс және жақын шетел университеттерінің білім гранттарының иегерлері атанды: НУ, UIB, HKBU (Гонконг), Дрексел университеті және МакДаниэль колледжі (АҚШ), Джейкобс университеті (Германия), Падуа, Сапиенца, Болон университеті және Ка Фоскари (Италия), Корвинус университеті, Szeged және Debrecen университеттері (Венгрия) және т.б.

«Алтын белгі» атағына ие болған Гутова Бақыт, арнайы аттестатқа ие болған Жұмағалиев Адлет, Дидарқызы Аружан және Гаркуша Алеся 2022 мектеп бітірушілерінің мақтанышы болып табылады.

Осы айтулы күні Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ түлектері Қостанай облысының білім басқармасының басшысы Байменова Зәуре Әнуарбекқызының құттықтауын алды:

– Ұстаздардың білім нәрімен сусындаған, халқымыздың ұлы мұрасын құнттайтын, кемел келешекке ұмтылып, нағыз патриот болып өскендеріңе кәміл сенемін. Қасиетті Қостанай жерінен көптеген танымал қоғам қайраткерлері шыққан. Олардың арасында ғалым және ақын Ахмет Байтұрсынов, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин, сондай-ақ биыл 150 жасы атап өтілетін этнограф және тарихшы Шоқан Уәлиханов бар.

Олардың әрқайсысы білім алған адам туған жерінің көркеюіне барынша үлес қосады деп сенді. Сіздерге әрдайым сәттілік, жолдарыңыз ашық болсын!

Мерекелік шараның салтанатты бөлімін мектеп директоры Думан Сапақов та құттықтау сөзін сөйлеп, мектеп өміріне белсене араласып, бала тәрбиесіне жемісті еңбек етіп жатқан ата-аналарға алғысын білдірді. Думан Нәбілұлы түлектерге қиындықтан қорықпай, табандылықпен алға ұмтылуын тіледі.

Түлектер атынан Гаркуша Алеся сөз сөйлеп, оқу жылының қорытындысы бойынша «Жылдың үздік оқушысы!» атағын алды.

Сол кеште мектеп ұстаздарының атына жылы лебіздер айтылды. Ата-аналар мектеп әкімшілігіне және бүкіл педагогикалық ұжымға балаларына жұмсаған шыдамдылық, еңбек және білім үшін алғыстарын білдірді. Ата-аналар атынан құттықтау сөзі 12 «С» сынып оқушысы Мұхаметқали Алинаның әкесі Жакупов Қалқаман Хасенұлына берілді.

Мерекенің шарықтау шегі – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анастасия Юрьевна Барминаға тәрбиеленушісі Гаркуша Алесяның республикалық пәндік олимпиадада жеңіске жеткені үшін Қазақстан Республикасы Білім министрінің Алғыс хатын табыс ету болды. Сондай-ақ Алесяның ата-анасына министрдің қолы қойылған алғыс хат табыс етілді.

Мереке мектеп бітірушілердің ант беруімен және кешегі шәкірттерге, бүгінгі түлектерге және болашақ студенттерге арналған осындай туған мектеп әнұранының шырқалуымен аяқталды.

P.S. жақсы дәстүрге айналған НЗМ түлектерінің аттестат алғаннан кейін НЗМ түлектерінің «NIS Alumni» қатарына қосылу. Әлемнің түпкір-түпкірінен бір-бірін тауып, жетістіктермен бөлісуге, өзара қол ұшын созу мақсатында, әрі мектептермен байланысты сақтап тұру үшін “Alumni Nazarbayev Intellectual Schools” қоғамдық бірлестігі қызмет етуде.