Қостанайлық NIS оқушылары Шунушева Дарья мен Хакимова Ботагөз ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының директоры, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның қолынан «Елбасы медалі» медалін алды.

 

Дариға Назарбаева Қостанай облысында «Ел үміті» бастамасын жүзеге асыру үшін жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында Қор директоры Қостанай облысының «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары мен қатысушыларымен кездесті.

Дөңгелек үстелде «Елбасы медалі» жобасының «Таланттар мен дағдылар» бағытындағы қола медаль иегері, Қостанайдағы NIS 9 сынып оқушысы Қалиола Жансерік дебат ойындарындағы жетістіктері мен «PRO Football» футбол командасымен жасаған жетістіктерімен бөлісті.

Кездесу соңында «Елбасы медалі» бағдарламасының 4 белсенді қатысушысы, Тұңғыш Президент қорының директоры Дариға Назарбаева қола медальмен марапаттады, олардың екеуі Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары.

Өңір бойынша бағдарламаның жүзеге асуын 18 тәлімгер, 1 өңірлік үйлестіруші, 1 сарапшы, оның екі тәлімгері Қостанайдағы NIS педагог-ұйымдастырушы-кураторлары Изат Жарбулов пен Ратбек Қазман қамтамасыз етеді.