“Арал” атындағы шаңырақ

арал

“Арал” атындағы шаңырақ

Педагог-ұйымдастырушы-куратор: Жигитова Сауле Маликовна

Біздің шаңырақ қазақ тілінде оқытылатын 8B мен орыс тілінде оқытылатын 9 D сыныптарынан тұрады. Барлығы – 38 оқушы, 21 – қыз, 17 – ұл. Біздің шаңырағымыз – өте белсенді, тату, ынтымағы жарасқан, жалпы құлшыныстары мен қызығушылықтары ортақ, мысалы: оқуға деген үздік жетістіктер, ұжымдық жұмыстарға белсенді атсалысу, өзара көмек пен қолдау көрсету, өзіндік тәртіп пен ережелерді сақтаудың арқасында еңбек жұмыстарын бірлесіп атқару жағынан барлық тараптарды орындай алады.

Біздің ұжымымызда оқу үздіктері, біздің мақтанышымыз олар –Маженов Мейржан. Балалар мектепте ұйымдастырылатын барлық іс-шараларға, пән бойынша онкүндіктер, спорттық іс-шараларға өте белсенді атсалыса біледі. Біздің өз футболшыларымыз бар – Фазылжан Асланбек, Маженов Мейржан, Шәкен Даниял, Сайтахмет Ильяс, Намиялы Бақытжан, Темирканулы Санжар, дебат клубы мен TED’X жобасының белсенділері – Финк Дарья, шахматшылар – Баишева Алина, Жаксылыков Мирас, тоғызқұмалақтан – Сайтахмет Ильяс, суретшілеріміз – Жультукова Зарина, Ермагамбетова Айгерим. Балалар шаңырақта тез тіл табыса алды, футбол, хореография, шахмат, дебат пен домбыра үйірмелеріне бар ынталарымен барады.

Біз Қостанай қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің миссиясы мен ұстанымын жақсы түсінеміз және қорғашан ортамызды білім, дағды мен құндылықтар арқылы шыңдауға белсенділік танытатын боламыз. Ондай жетістіктерге қол жеткізу үшін бізге біздің аға буын достарымыз – кураторлар, мұғалімдер көмектеседі. Біздің атқарып жатқан шаңырағымыздың барлық жұмыстары еліміз бен халқымыздың пайдасына бағытталатын болады.