Нұра шаңырағы

Нура фото 8Д-10А

Нұра шаңырағы

Педагог-ұйымдастырушы-куратор: Байдан Гүлвира Кәдірбекқызы

 

Шаңырақтың ұраны:

 

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» (Н.Назарбаев).

8 «D» және 10 «A» сыныптарының шаңырағы 38 оқушыдан құралған: шаңырақ оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепішілік, сынып аралық іс – шараларға сынып толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер болып саналады. Мерекелік және пән бойынша жалпы қалалық жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.

Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады.

Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, мектеп өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.

Келешекте білім, мәдениет, қоғамдық, мектепішілік іс-шараларда зор нәтижелерге қол жеткіземіз деген үміттеміз.