«Теңгіз» шаңырағы

IMG_0830

«Теңгіз» шаңырағы

Педагог-ұйымдастырушы –куратор: Назарова Дана Валихановна

     Теңгіз хан шаңырағы 9С және 12D сыныптарынан құралған 34 оқушыдан тұрады. 9С сыныбында 16, 12D сыныбында 18 оқушы бар. Шаңырақ басшысы 12D сынып оқушысы Рыжко Кристина. Шаңырақ оқушылар бір-бірімен тату, әрқашанда қол ұшын беруге дайын. Қандай да қоғамдық іс-шараларға бірлесе араласады. Мектептегі тоғызқұмалақ, шахмат, Tedx, дебат сияқты үйірмелерге белсенді қатынасады.

Әр іске деген белсенділік, бастамашылдық, шығармашылық көзқарас – міне бұл біздің шаңырақтың негізгі нышаны. Шаңырағымыздың белсенді шығармашылық тобына кіретін оқушылар: Махмудова Амина, Мальков Роман, Таскожина Асем, Лапкина Александра, Райн Эльвира, Рыжко Кристина, Сарсембина Лейла, Нургалиева Медина, Жанабилев Батырхан, Дандыбаев Жаслан, Муратова Жулдызай. Сондай-ақ шаңырақтың спорттық жетістіктері де баршылық.

Шанырақтың ұраны – «Жеткен жетістікте тоқталып қоймай, күн сайын дамып, өсе бер!».