Физика пәнінің әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері – белсенді өмір салтымен, шығармашылық ұстанымен, ерекше оқытуымен, өмірге деген позитивті көзқарасымен достасқан ұжым. Бізді біріктіретін бір мақсат – әрқайсымыз кәсіби шеберлігімізді ұштауымен өскелең ұрпағымыздың білім сапасын көтеру және оқу үрдісін жақсарту, бүгінгі қазіргі заман мәселелеріне бағытталған білім беру.
Бірлестікте үлкен өмірлік және педагогикалық тәжірибесі бар мұғалімдер, сондай-ақ көптеген креативті ойға толы жас мамандар қызмет етеді. Біздің мұғалімдер сабақта оқытудың заманауи белсенді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білімді меңгертеді. Көрсетілім мен эксперименттер оқушылардың өмірлік тәжірибесіне негізделген, күнделікті теориялық білімдерін қолдануына бағытталған.
Ақпараттық технологияларды және белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану, оқытылып жатқан материалды тереңдетіп қарастыруға мүмкіндік туғызады. Мұғалімдер оқушылардың қызығушылығы мен таңдауына бағытталған сабақтан тыс қосымша сабақтарын, элективті курстарын, үйірме жұмыстарын ұйымдастырып, актуалды тақырыптарды қарастырады. Тұжырымдамалық білім алу – біздің педагогикалық іс-тәжірибеміздің басымдылығы.