«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді»,- демекші, тарих, география, өзін-өзі тану мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде 16 мұғалім бірлесе жұмыс жасауда. Оқу-тәрбие жұмыс үрдісі келесі пәндерді бірлестірген: «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Құқық негіздері», «География», «Экономика», «Өзін-өзі тану». Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаев, өзінің салиқалы саясатында: «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»,- деп айтқан болатын. Егер біз өмір сапасының әлемдік жоғары үлгі-қалыптарына жетеміз десек, онда соған сәйкес еңбек ету қажетпіз. Тарих, география, өзін-өзі тану мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі оқу үрдісінде әрқашан бір қадам алға басуды мақсат етеді. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 10 сынып оқушыларына арналған әдістемелік құралы, белсенді түрде SWOT, PEST, STEEPLE талдау әдістері; «География» пәні бойынша мұғалімдер құрастырған инфографика әдісі, оқушыға арналған жұмыс дәптері, модельдеу, диктоглосс– бейне түсіндірме, GeoFlow бағдарламасы, youtobe.com арнасы, GoogleDisк қолданылады. «Экономика» пәні бойынша экономикалық жаңалықтардың талдауы, өмірмен байланысқан жағдаяттар мен есептер кеңінен қолданылса, «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша ФОРСАЙТ әдісі және әлеуметтік зерттеулер молынан жүргізіледі. Әдістемелік бірлестік мұғалімдері оқу үрдісін қызықты әрі тиімді өткізудің жолдарын үнемі іздестіруде. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- дегендей тарих, география, өзін-өзі тану мұғалімдері және өздері жетекшілік еткен оқушылары Республикалық, Халықаралық іс-шараларының белсенді қатысушылары мен жеңімпаздары болып табылады.