ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

3-7 қаңтар аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 3 кезеңі өтті.

Шымкент қаласындағы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тіл және математика пәндері бойынша олимпиадаға 250-ге жуық оқушы қатысып, оның 24-і жеңімпаз атанды.

Қостанай қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 оқушысы жүлделі орындарға ие (1 орын үшін 1 диплом, 2 орын үшін 2 диплом, 3 орын үшін 8 диплом).

11 сынып оқушысы Гвоздева Ксения Шымкент қаласында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі бірінші орынға ие болды.

Республикалық олимпиаданың 3-ші кезеңінің (Гвоздева Ксения, Жунусова Томирис, Истелиева Аида) 1-2 орын алған оқушылар “орыс тілі мен әдебиеті” және “ағылшын тілі” пәндері бойынша республикалық олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің намысын қорғайтыны қуантады.

Жүлделі орындармен оралған барлық балаларды құттықтаймыз және пән мұғалімдеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.

7