ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ

2018 жылдың 10 қазанында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзін-өзі басқару белсенділері  өзін-өзі басқару лидерлерін оқытуға қызығышулық білдірген барлық оқушыларды жинаған. Форумға 11 мектептен оқушылар қатысты.

 

Күн бойы форумға қатысушылар өз бетінше өзін-өзі басқаруды теория және тәжірибе жүзінде зерттеді, мәселелерді шешу әдістері мен тәсілдерін және өз мектептері үшін жаңа идеяларды тапты.

Форум мектеп ОӨБ қызметін жүзеге асыру шеңберінде оқушылардың азаматтық жауапкершілігін дамыту мақсатында өткізілді; ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, тәжірибемен бөлісу; ОӨБ қызметіне қатысатын оқушылардың дербестік деңгейін арттыру.

Форумның міндеттері: қатысушыларға жұмыстың формалары мен әдістерін, мектеп қызметінің түрлі бағыттарын оқыту, оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру, оқушылардың жан-жақты шығармашылығы мен әлеуметтік бастамаларын көрсетуге ықпал ететін көшбасшылық қасиеттерін дамыту, оқушылардың өзін-өзі басқару арасындағы бірлескен іс-шаралар мен ынтымақтастықты жоспарлау.

Форум қатысушылары НЗМ оқушыларымен бірге әлеуметтік жобалар жасауды үйренді. Форумда шығармашылық пен сенім атмосферасы орнады. Форум қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.