МАТЕМАТИКАЛЫҚ КАЗИНО

МАТЕМАТИКАЛЫҚ КАЗИНО

Қостанай қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 1 сәуір күні “Математика күні” атау дәстүрі қалыптасты. Осы жылы математика ӘБ мұғалімдері жалпы білім беретін мектептердің 5 сынып оқушылары үшін “математикалық казино” өткізді.

Ойынға 14 мектептен 16 команда қатысты (ГМГ,№11 ОМ,№25 ОМ,№20 ОМ,№23 ОМ,№5 ОМ,№2 МЛ,№4 ОМ,№15 ОМ,№122 ОМ,№9 ОМ,№19 ОМ, №21 ОМ,№16 ОМ). Ойын төрт блоктан (кіреберістерден) тұрды, оның әрқайсысына 20 минут берілді.

Математикалық шайқас нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинап, 1 орынды №2 МЛ командасы иеленді. бірдей ұпай жинап 2 орынды өзара №16 ОМ, ГМГ және №19 ОМ командалары бөліп, 3 орынды №11 ОМ, ГМГ және №5 ОМ иеленді.