Халықаралық мұғалімдер апталығы

Халықаралық мұғалімдер апталығы

Біздің мектебімізде дәстүрлі өткізілетін Халықаралық мұғалімдер апталығы 2019 жылдың 4-8 ақпан аралығында Қостанай қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілді. Апталықты өткізу аясында түрлі пәндердің халықаралық мұғалімдері “Get your brain on” тақырыбына арналған іс-шаралар ұйымдастырды. Әр түрлі пәндер бойынша өткізілген ашық сабақтар шетелдік мұғалімдерге өздерінің кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетуге, ал осы сабақтарға қатысқан мұғалімдерге өзінің педагогикалық қызметін одан әрі жетілдіру үшін тәжірибе алуға көмектесті.

Ашық сабақтардан басқа, апта бойы “Бағалаудың белсенді әдістерін кіріктіру”, “Белсенді оқыту стратегиясы”, “Қор нарығын моделдеу” атты оқыту семинарлары, мұғалімдер мен оқушыларға арналған зияткерлік викторина және т.б. өткізілді.

Бұл апта есте қаларлық болды, себебі оқушылар көп жаңа ақпарат алып, өз ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар халықаралық әріптестерінің зор тәжірибесін алған мұғалімдер де болды. Сонымен қатар, Халықаралық мұғалімдер өткізетін іс-шаралар оқушылар мен мұғалімдерді біріктіруге мүмкіндік берді.