ФРАНЦИЯҒА ТҮСУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігімен және Вальбонн халықаралық орталығымен (Франция) ынтымақтастық аясында 2018 жылдың 31 қазанында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне осы орталықтың өкілдері келді.

Халықаралық Вальбонн орталығының өкілдері Jeremy Camponovo және Laure Castinо 10-12 сынып оқушыларымен кездесіп, Францияның жоғары оқу орындарында білім алу үшін Орталықтың дайындық курстарына түсу мүмкіндіктері туралы айтты.

Оқушылар болашақ оқыту шарттарымен және Францияның жоғары мектептерінде оқыту жүйесімен, оқыту бағдарламаларымен танысты. ЖОО-ның презентацияларын тыңдады.