Жатақханаға орналастыруға өтініштер мен тиісті құжаттарды қабылдау

Құрметті ата-аналар!

2023 жылғы 1 маусымда Соңғы қоңырау мерекесін өткізуге байланысты жатақханаға орналастыруға өтініштер мен тиісті құжаттарды қабылдау мерзімі өзгерді. Өтініштерді қабылдау 02.06.2023 мен 23.06.2023 аралығында жүргізіледі.

Құжаттар оффлайн режимінде қабылданады.

Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін қатаң түрде жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін; үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін; сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады. Жексенбі демалыс күні.