БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

2019 жылы 18 қаңтарда біздің мектепке “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шамшидинова келді. Кездесу барысында Күләш Ноғатайқызы педагогикалық ұжыммен өнеркәсіптік революция жағдайында адами капитал мен білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптардың тақырыбы талқыланды, мектептің білім беру сапасын жақсарту, мұғалімдердің мәртебесі мен беделін арттыру және т.б. мәселелер көтерілді.

Ғылыми қызметпен айналысатын мектеп оқушылары басшылармен бірге жобалардың көрмесін ұйымдастырды, онда Робототехника, математика, физика, химия, биология, сондай-ақ тілдік пәндер бойынша (қазақ, ағылшын) оқушылардың жұмыстары мен зерттеулері ұсынылды. Жас зерттеушілердің ғылыми ізденістері қонақпен бағаланды.

Басқарма Төрағасының арқасында біздің мектеп пен Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті арасында кәсіби ынтымақтастық орнағанын атап өту қажет.