АЯУЛЫ ЖАНДАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА!

Бүгін мектебімізде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында таңертеңнен бастап мектептің ерлер ұжымы әйелдер ұжымына шынайы мереке ұйымдастырды!

Мектеп шарлармен, гүлдермен және фотоколлаждармен безендірілді. Барлық әйелдерді кіреберісте гүлшоқтармен, құттықтаулармен және сыйлықтармен қарсы алды. Одан кейін ду қол шапалақтап, кабинетке дейін жанды дәліз арқылы өткізді.

Мектеп акт залында ең дарынды мектеп оқушылардың және ұстаздардың қатысуымен салтанатты концерт өткізілді. Өлеңдер, флэш-моб, би, гитара және музыкалық нөмірлер орындалды.

Аяулы да ардақты аруларымыз жақсы көңілмен алғыстарын жеткізді!