КЕЛЕШЕК ҰРПАҚ ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ ӨЗ ШЕШІМІН ҰСЫНУДА.

Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде “Ұлы дала Жастары” атты көшбасшылар форумы өтті. Қатысушылар қатарында тек қана НЗМ қауымдастығы ғана емес, сонымен қатар ГМГ мен БИЛ өкілдері болды.

Форум үш глобалдық концептке бағытталды: Оқу, Бизнес және Құқықбұзушылық. Әр қатысушы пікірін білдіруде белсене қатысып, айтылған ойлар бір-біріне қайшы болатын. Әйтседе, нәтижесінде, барлығына ортақ шешімдер табылды.

Тақырыптарды талқылаудан кейін барлығы топтық жұмысқа кірісті. Олар мәселелердің бірін шешу үшін мини-проект жасаған болатын. Өз сұрақтарын жан-жақты қарастырып, қазіргі жастарға берілген мәселелерді шешу маңыздылығын түсінетінін қатысушылардың қолынан келді. Отырыс аяғында топтар өз жобаларын барша аудиторияға таныстырды.

Осындай көшбасшылардың шағын форумдары Қазақстан жастарының дамуында маңызды кезең болып табылады. Ондай жиналыстарда оқушылар өз ойлары мен идеяларын жеткізу арқылы дүниеге деген көзқарасын көрсетеді.

Қостанай қаласының НЗМ өзін-өзі басқару ұйымы форумдарды алдағы уақытта ұйымдастырып, мемлекетіміздің дамуына ат салысуға өз үлесін қосады деген үмітіміз зор.