БИБЛИОСУМЕРКИ

2019 жылдың ақпан айының 15 күні кешкі 19.00 – 21.00 аралығында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кітапхана мен жатақхана тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Библиосумерки» іс – шарасы өтті.

Дәстүрлі түрде әр жыл сайын өткізілетін бұл іс – шара «Жетістік сапары» атты жоба аясында жатақхананың оқушыларымен өткізілді.

Кітапханада «Blind Date with a Book», «Kahoot», «Ice Breaking», «Book Dingo» және тағы да басқа ертегі кейіпкерлерінен құралған станциялар әр түрлі жастағы оқырмандарды қарсы алды.

Барлық станциялар оқырмандарға белгіленген мәдени бағдарламалар өткізілді. Осы кітапханалық мерекеде барлық қатысушылар өздері оқыған кітаптары бойынша тапсырмалар орындап, басқа да шығармалар жайлы ой-өрістерін толықтырды.

Жатақхана оқушылары алдын – ала 4 топқа бөлініп, топ мүшелерін анықтап, топ басшыларына бағыт парақтары таратылып, станцияларға бөлінді. Топтардың белсенділігін, ұйымшылдығын әділ қазылар өз бағаларын беріп отырды.

Кештің ең қызықты бөлімінің бірі – «Book Dingo» сайысы. Бұл сайыста балалар өз үлестірмелеріне мұқият қарап отырып, санақ бойынша кітаптың атауын тез арада жинау керек болды. Үлгірмеген қатысушыға түрлі қызықты тапсырмаларды орындау ұсынылды.

Өз білімдеріне сенімді оқырмандарымыз «Kahoot» ойынында бақ сынасты. Ойын шарты бойынша ең көп ұпайы жинаған топ жеңіске жетеді. Сұрақтар «100 кітап» жобасына қатысты болды.

Кітаптар бойынша ұйымдастырылған «Ice Breaking» атты сайысында топ екіге бөлініп жарысты. Сайыс барысында кітаптарға қатысты тапсырмалар берілді. Мысалы: «Ең үлкен кітап», «Тиражы көп кітап», «Басты кейіпкері – жануар» және т.б.

Келесі станция – «Blind Date with a Book». Белгілі бір кітаптың аннотациясы бойынша, кітаптың атауын табу. Балалар бұл сайысқа да бар ынталарымен қатысты.

Жалпы көрермендермен «Book Bingo» ойыны өткізілді. Лоторея ойнатылып, сыйлықтар таратылды.

Сайыстар арасында ертегі кейіпкерлерімен фотостенд және «Инстаграмм парақшасында» фотосессия ұйымдастырылды.

«Библиосумерки» іс – шарасына белсенді қатысушыларына тәтті сыйлықтар мен сертификаттар берілді.