Тәжірибе көрсетелімі: CLIL тапсырмаларын әзірлеу және енгізу

2019 жылдың 03 қаңтарында Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Сабақтың мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін тапсырмаларды әзірлеу”, “Жалпы білім беретін мектептерде CLIL енгізу: кедергілер және оларды жою жолдары” тақырыптары бойынша облыстық семинар-практикумдар өтті. Оған Қостанай облысының 300-ден астам педагог қатысты. Зияткерлік мектептің 45 педагог қызметкерлері семинарды ұйымдастырып, өткізді.

Семинарларда тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды құрастыру арқылы оқыту мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ облыс мектептерінде үштілді оқытуды енгізетін мұғалімдердің қиындықтары мен мүмкіндіктері талқыланды. Аталған іс-шаралар 2018-2019 оқу жылына білім беру мазмұнын жаңарту және педагогтардың біліктілігін арттыру жөніндегі әдістемелік орталықтың жұмысы бойынша Қостанай облысы білім басқармасының, Қостанай қ.НЗМ, Қостанай қ. ПШО бірлескен жоспарын іске асыру шеңберінде өтті.