Бүгін желтоқсанның 14 жұлдызы күні оқушылар мен ұстаздар қауымы назарына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты театрландырылған әдеби – музыкалық кеш өтті.

Мерекелік концерт бағдарламасы тәуелсіз еліміздің қалыптасуының тақырыбында қойылды. Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы, тәуелсіздік күні туралы терең мағлұматқа толы болды.

Осы күні таңнан бастап оқушылар мерекелік көңіл-күй сыйлап, мектеп фойесінде домбырашылар және би флэшмобын ұйымдастырды.

2018 жылдың 11-14 желтоқсаны күндері аралығында мектебімізде мереке аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылар ұжымын жұмылдыру, елжандылыққа, ел мәртебесін асқақтату, Отан сүйер жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында 7-12 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздікті дамытуға қандай үлес қосар едің?» тақырыбында эссе жұмыстарының байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесі бойынша үздік деп танылған эсселер мектебіміздің 1-ші қабатының көрнекті жерлеріне ілініп, 10 сынып оқушысы Нураддинов Нурислам мен 11 сынып оқушысы Нурымбетова Жанеляның эссе жұмыстары аймақтағы БАҚ беттерінде жарияланды.

Сондай-ақ, мектеп залында «Тәуелсіздік тартулары» атты оқушылардың сурет және қолөнер туындыларының көрмесі қойылды. Сонымен қатар аталмыш іс-шара аясында 100 кітап жобасын іске асыру мақсатында Тәуелсіздік күні құрметіне «Киелі тәуелсіздік» атты кітаптар көрмесіне елімізде басылып шыққан Қазақстан жайлы отандық кітаптар қойылып, оқушылар мен ұстаздар қауымы, мектеп қонақтарының назарына ұсынылды.