Бірінші желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні. 2018 жылдың 30 қарашасында Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «KOSTANAY PLAZA» ойын-сауық орталығында осы мерекені атап өтуге домбырашылардың қатысуымен музыкалық флэш-мобы өткізілді.

Бұл акцияның мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, адамгершілік және рухани құндылықтарға тәрбиелеу, өз халқының мәдени мұрасына деген сезімін ояту болып табылады.

Сауда орталығында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 100-ге жуық жас домбырашылары Құрманғазы атамыздың «Адай», «Балбырауын», «Ерке Сылқыма» және тағы басқа күйлерін тарту етті. Іс-шара алдында 7-сынып оқушылары домбырамен балаларға арналған танымал әндерінен құралған поппури ойналды. Мереке соңында мектептің шығармашылық ұжымы, болашағымыз жарқын болсын деген ниетпен флеш-моб биін «Бір үйдің баласындай» атты әнімен аяқтады.

Жастар флеш-мобы дәстүрлі түрде, бір мезгілде еліміздің барлық өңірлерінің – 20 Назарбаев Зияткерлік мектептерін қамтыды. Алғаш рет 2015 жылы домбырашылардың музыкалық флеш-мобы «Біз Ұлы даланың балалары!» атты мерекелік шара еліміздің сауда және ойын-сауық орталықтарында Тұңғыш Президент Күні қарсаңында ұйымдастырылды.