2018 жылдың 7-8 қазанында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектепте «Балаға уақытты дұрыс ұйымдастыру және басымдықтарды қоюға қалай көмектесуге керек» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Педагог-ұйымдастырушы-кураторлар алдымен ата-аналармен кездесіп, оқушылардың үлгерімі және өз кезегінде балалардың оқуға белсенділігі мен қызығушылығы туралы сөз қозғады. Содан кейін, ата-аналар мәжіліс залына өтіп, тақырыпқа сай өзекті мәселелерді мектеп директорымен талқылап шықты. Ары қарай психологтар өз жұмыстарын жалғастырды.

Жиын соңында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, баланың пән бойынша ағымдағы сабақ үлгерімі туралы жеке-жеке мәлімет берді.