Бүгін, Ақтөбе мен Тараз қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына ерекше күн. Себебі «Солтүстік Қазақстанның даласы мен өзендері» номинация құрамында Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы ЮНЕСКО тізіміне енген Қостанай облысының Наурызым ауданындағы Наурызым қорығына саяхат болды.

«Туған елге тағзым» жобасының арқасында Зияткер оқушылар берген мүмкіншілікті барыншы қолдана білді. Экскурсияны басынан аяғына дейін Наурзым мемлекеттік табиғи қорығы директорының орынбасары, ғылыми қызметкер, “Экология саласының үздігі” Зейнелова Мария Александровна жүргізіп, құнды ақпараттармен таныстырды. Наурзым өлкесімен танысу мұражайдан басталды.

Содан соң оқушылар Республика солтүстігінің қайталанбас табиғатының ғажап үлгісі, жер жаннаты болып саналатын қорықтың өзіне де серуенге шықты. Келген қонақтар Наурызым қорығының флора-фаунасымен, географиялық ерекшеліктерімен танысып, қағаз бетіне түсіріп отырды.

 

Сегодня, особенный день для учащихся Назарбаев Интеллектуальных школ городов Актобе и Тараз. Так как было путешествие в Наурзумский заповедник Наурзумского района Костанайской области,  вошедший в список ЮНЕСКО Всемирное культурное и природное наследие в номинации “Степи и реки Северного Казахстана”

Благодаря проекту “Туған елге тағзым” Интеллектуальным ученикам удалось использовать все возможности. Сначала в Наурзумском крае посетилил музей.

Затем учащиеся вышли на прогулку в заповедник, который является прекрасным образцом уникальной природы севера Республики, Раем на земле. Гости ознакомились с флора-фауной Наурзумского заповедника, географическими особенностями, а также фотографировали все.