Еліміздің Ақтөбе және Тараз қалаларынан келген 24 Зияткерлік оқушыға бүгінгі күннің ерекшелігі, «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеушілік экспедициясының шеңберінде, отандық кен өндірісінің флагманы болып саналатын Рудный қаласындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне» саяхат болды.

Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі өңірдің және ел экономикасының дамуына зор үлес қосып келе жатқан ірі өндіріс кешені болып табылады. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері жарты әлемді темір кенімен қамтамасыз етіп келе жатқан «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ әлемдегі ірі кеніштердің бірі болып саналатын бұл кәсіпорын оқушыларды тәнтті етті.

Ауқымды мағлұматты ала отырып, гидтің мол деректерге толы әңгімеден оқушылар өздеріне қажетті ақпараттарды ала білді. Зерттеушілік экпедицияның барасында алған білімдерін толықтырып, нәтижесінде оқушылардың ой қорыту, тұжырым жасау, өзара бәсекелестік арқылы ойталқыға келуі, осы саяхат оқушыларға ұнағаны байқалады.

Қайтар жолда делегаттар Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің мұражайына аяқ басты. Онда балаларға ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуы туралы туралы айтылды. Сондай-ақ, жас қонақтарға қызметкерлер мен қару-жарақтардың бірыңғай формалары көрсетілді. Бүгінгі күні бірегей құжаттар негізінде құрылған мұражай қоры үлкен тарихи құндылыққа ие екендігіне көз жеткізді.

Үлкен саяхаттан оралып, мектепте танымдық жұмыстар жалғасты. Тарих және география пәні мұғалімдерімен «Қостанай картасы» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынның негізгі мақсаты: Қостанай өңірінің тарихы, мәдени-тарихи орындары және табиғи-көрікті жерлері туралы білімдерін жинақтау. Оқушылар 4 топқа бөлініп, әр топ Тараз және Ақтөбе қалаларының оқушыларынан араласып құрылды. Ойында Қостанай облысының тарихы, табиғаты, қоғам қайраткерлері, танымал спортшылары, облыстың шаруашлығы және т.б тақырыптары қамтылды. Ойынға оқушылар белсене араласты.

Мектеп кітапханасында оқушыларға арналған «Кітап – білім бұлағы» тақырыбындағы кітапханалық кеш өтті. Кітап оқудың маңыздылығын негізге ала отырып шара барысында оқушылар өздерінің осы уақытқа дейін оқыған кітаптарымен таныстыруға мүмкіндік алды. Ерекше форматта өткізілген шарада оқушылар өз – ойларымен еркін бөлісіп, кітап оқу арқылы адам бойындағы құндылықарды қалыптастырып, дамытуға болатындығына тоқталды. Шараның жақсы көңіл сыйлап, қызықты формада және пайдалы өткендігі туралы оқушылар кері байланыс кезінде айтты.

Бүгінгі күннің қорытындысы ретінде балаларға рефлексияға арналған уақыт берілді.