Ең креативті идея

NIS ONLINE білім беру платформасының әзірлеушілері осы платформаны қалай пайдаланып жүргені туралы бейнебайқау жариялаған болатын.

Креативті бейнероликті жасауға Қостанайдағы NIS-тің 7-8 сынып оқушылары және мұғалімдері Евгения Ломаева мен Ксения Жансугурова белсене қатысты. Бірлескен жұмыстың нәтижесі «Ең креативті идея» аталымында жеңіске жетті.

«NIS Online және NIS Lab платформалары мектебімізде сабақта да, үй тапсырмасын орындау кезінде де сәтті енгізілуде, бұл оқушыларға ББЖБ мен ТЖБ-ға дайындалуға мүмкіндік береді», – дейді Қостанайдағы Online платформасының үйлестірушісі Евгения Александровна.

«Түсіру барысында оқушылармен платформаның қыр-сырларын түсіне бастадық, ақылдасып біз сценарий жасап оқушылармен бірге бейнебаянды ынтамен түсірдік», – деп бөліседі биология пәнінің мұғалімі Ксения Вадимовна.