М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-де оқушылар арасында бағдарламалау бойынша «IT Start» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды!

1⃣ орынды және ҚИнЭУ-да оқудың 1 жылына 100% жеңілдікті Александр ЕРШОВ алды (Қостанай ФМБ НЗМ):

-Мен компьютерге қатысты барлық дүниені бастауыш мектептен бастадым. Алдымен бұл жай ғана хобби болды, кейін ол одан да маңызды нәрсеге айналды. Бүгінгі тапсырмалар өте қызықты болды. Наурыз айында республикалық олимпиадада бұл тәжірибе пайдалы болады деп ойлаймын.

3⃣ орынды және ҚИнЭУ-да оқудың 1 жылына 50% жеңілдікті Айбар КАРБУЗОВ алды (Қостанай ФМБ НЗМ):
– Мұғалімім Айнұр Оспановаға рақмет айтқым келеді, сол кісінің арқасында мен бағдарламалауға қызығушылық таныттым. Қазір Яндекс мектебінде оқимын және барлық бос уақытымды it-бағытына арнаудамын.

💫Жеңімпаздарды құттықтаймыз.