Мақалмен өрілген Дания

Зияткерлік мектептері арасында ұйымдастырылған «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында өткен «Мақалмен өрілген 40 мысал» атты иллюстрация сайысында Қостанайдағы NIS оқушысы Дания Берікқызы жүлделі 1-орынға ие болды.

Аталған сайыс Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл толуына орай Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында онлайн форматта өтті.

Сайыстың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарына иллюстрация жасай отырып, мақал-мәтелдермен сабақтастыру, оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, сыни ойлау қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын дамыту.

– Бұл байқауға мен жетік дайындалдым, қазылар алқасына өзімді барынша көрсетуге мүмкіндікті пайдаландым. Ахмет Байтұрсынұлы – ұлы ұстаз және ол кісінің шығармашылығын насихаттайтын жарыстар болашақта көп болады деген үміттемін, – дейді 8-сынып оқушысы Дания.

Шығармашылық жетекшісі, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Әсем Исина.