Үздік мақала байқауының жеңімпаздары

 

Қостанай қаласындағы NIS оқушылары қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына орай «Дүбірлі дәуір жаршысы – Ғабиден Мұстафин» атты үздік мақала байқауында жеңімпаз атанды.

 

Назарбаев Зияткерлік мектептернің арасында ұйымдастырылған желілік мақала додасында орыс сыныбының оқушылары Әбілмансұр Қайыржан II орын, Мадина Кабдрахман III орын және Адильхан Тубулбаев III орынға ие болды.

 

9 сынып оқушысы Әбілмансұр Қайыржанның айтуынша: Ғабиден Мұстафиннің шығармашылығы және қоғамдағы рөлі біздің білімдерімізді кеңейтуге және тереңдетуге, дүниетанымымызды қалыптастыруға, еліміздің тарихына деген қызығушылығымызды, патриотизм сезімдерді тәрбиелеуге шақырады.

 

– Мақаланы жазбас бұрын қазақша нұсқадағы көп материалдарды іздедім, шығармаларымен танысып ол кісіге байланысты фильмдерді қарап шықтым, шығарманың негізгі идеясын түсінуге тырыстым, – деп бөлісті 10 сынып оқушысы Адильхан Тубулбаев.

 

Шығармашылық жетекшілері, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері Ментай Козганбаева, Баян Кәріғұл, Әсем Исина.