Қашықтық математика олимпиадасының

ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Жалпы ережелер

Математикадан олимпиада Қостанай облысының 6 сынып оқушылары үшін өткізіледі.

  1. Олимпиада орындалу сапасын тексеретін нақты жазба жұмысының орындалуын көздейді.
  2. Олимпиада бір кезең өткізіледі, қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталады.
  3. Олимпиадаға қатысушылар математикалық есептерді шешудегі білімдері мен дағдыларын көрсетулері керек.

 

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері

Олимпиаданың мақсаты – Қостанай облысының 6 сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттыру және дайындық деңгейін көтеру.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

  • дарынды оқушыларды айқындауға және олардың зияткерлік дамуларына қолайлы жағдай жасау;
  • білім алушының логикалық ойлауын, біліктіліктерін кіріктіре алуын және оларды стандартты емес есептерді шешу барысында қолдануын дамыту;
  • оқушылардың математикалық білімдерін тереңдету және жетілдіру үшін өзіндік жұмысқа жұмылдыру;
  • пәнді меңгеруге деген қызығушылықты қалыптастыру;

 

Олимпиаданы өткізу тәртібі

  1. Өткізілу күні: 30.11.2022 ж.
  2. Өткізілу уақыты: 15:00-18:0
  3. Қатысушылардың жалпы саны: шектеусіз.
  4. Тапсырмалар 30 қараша күні сағат 15:00 жүктеледі.

https://docs.google.com/document/d/1ipQfigRrRnnGPjow90xsaILeFKDnM9-DBddMO_X15YI/edit?usp=sharing

 

Әр қатысушыға 3 астрономиялық сағат ішінде 10 тапсырманы орындау ұсынылады.

 

Нәтижелер 6 желтоқсан күні https://kst.nis.edu.kz/  мектеп сайтында жарияланады.

 

Олимпиаданы басқару

 

Математика олимпиадасының дайындығы мен өткізілуіне жауапты– математика пәні мұғалімі Козловский С.А..

 

Қазылар алқасының құрамы және қызметі

Қазылар алқасының төрағасы – Козловский С.А..

Қазылар алқасының мүшелері: Хамитбеков Ж.Р., Мусабекова М.М..

Қазылар алқалары оқушылардың жұмыстарын тексереді; хаттама рәсімдейді;  олимпиада қатысушысының оның ойынша бекітілген олимпиада өткізілу тәртібінің бұзылуы немесе оның қорытындысымен келіспеуі туралы берілген апелляцияларды қарастырады.

 

 

Қорытынды шығару және марапаттау

 

  1. Олимпиада қорытындысы орындалған тапсырмалар нәтижесімен шығарылады. Жинаған ұпайлар саны тең түскен жағдайда тапсырманы азырақ уақыт ішінде орындаған қатысушыға басымдылық беріледі.
  2. Олимпиада жүлдегерлері дипломдармен марапатталады.