Мемлекеттік қызмет туралы не білеміз…

 

Мектептің кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында жоғары сынып оқушыларына мемлекеттік қызметкер өкілдерімен кездесу өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Менің мамандығым – мемлекеттік қызметші» жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба мемлекеттік қызмет институтын танымал етуге, мектеп оқушылары арасында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, баланың мемлекеттік органдардың миссиясы туралы нақты түсінуіне, жас ұрпақтың патриоттық құндылықтарын, көзқарастары мен сенімдерін арттыруға бағытталған.

Аталған департаменттің басшысы Асхат Искендиров және Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Данияр Тоғжанов оқушылармен диалог жүргізді.

Кездесу соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.