Мектеп кітапханасында «Самұрық» дебат клубының мүшелерінің қатысуымен көрсеткіш ойын ұйымдастырылды. Американ парламент форматында өткен ойынға 9 сынып оқушылары Игенов Нұрдәулет, Ұзақбай Жәнібек және Қалиолла Жансерік пен 11 сынып оқушысы Әділова Алтынай қатысты.

Талқыланған тақырып палатаның бірі Қазақстанда орта білім беретін мекемелерді оқу деңгейі бойынша (лицей,гимназия т.б.) бөлуге тиым салуға келіспеушілігін білдіреді. Ойын барысында үкіметпен оппозицияның ойлары ұшқыр болып бірнеше мәселе қарастырды. Үкімет фракциясы теңдік құндылығын негізге алса оппозиция фракциясы балалардың әр түрлі болуы білім беру бағыты әртүрлі болу деген ойлар айтты. Нәтижелі ойын барысы көрермендердің көнілінен шығып әркім ой түйді деген ойдамыз.