ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жаз – біздер үшін ерекше мезгіл. Себебі, біз өзге оқушылар секілді демалысқа шыққанымызбен жазғы уақытты мектепте көңілді өткізуді жөн санаймыз. Мұның астарында білімге деген құлшыныс пен достарға деген қимастық сезім жатыр.

2019 жылдың 10 маусымынан Қостанай қаласынағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Жазғы мектеп бағдарламасы бойынша ағылшын тілі курсы өткізілуде. Жазғы мектеп өз қызметін 9.00-15.00 атқаруда.  Ағылшын тілі курсы мектебіміздің жоғары санатты мұғалімдерімізбен қатар халықаралық мұғалімдеріміз жүргізуде. Қазіргі таңда ағылшын тілі курсына 24 оқушы қатысуда.

Жазғы мектеп қатысушыларына біздің мектебімізде сабақтан тыс уақытта көңілің қалаған жұмыспен айналысуға мүмкіндік бар. Ол үшін нағыз кәсіби мамандардан, өз дағдыларыңды шыңдайтын түрлі үйірмелерде сабақ өткізіледі. Қолөнермен де, хореографиямен де, вокалмен де спортпен де, қыш жасаумен де шұғылдануға бар жағдай жасалған.

Күделікті үйірмелерден басқа оқушылар халықаралық мұғалімдердің жетекшілігімен сыныптан тыс іс-шараларға қатысады. Яғни түрлі зияткерлік ойындар мен оқушылардың мәдени мен адами құндылықтарды, жаһандық азаматтықтың негізгі түсініктерін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар.

Жазғы мектебіміз оқушылардың үздіксіз білім алу мүмкіндігін жасауға, болашақта бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға негізделген.