1 қыркүйек – Білім күніне орай 10-12 сынып оқушыларына «Білімге, еңбекқорлыққа және патриотизмге ұмтылыс» атты Шаңырақ сағаты өткізілді.

1 қыркүйек – Білім күніне орай 10-12 сынып оқушыларына «Білімге, еңбекқорлыққа және патриотизмге ұмтылыс» атты Шаңырақ сағаты өткізілді.

Шара барысында «Наш Костанай» газетінің директоры Жабаев Асқар Болатұлымен кездесу ұйымдастырылып, білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік құндылықтарының жеке тұлға өміріндегі рөлі талқыланды. Қонағымыз оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, журналистика саласының қыр-сырымен таныстырып, өзінің еңбек жолы туралы әңгімелеп берді.

Кездесу соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ажмухамбетов Амир Серікұлы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, Асқар Болатұлына пайдалы әрі қызықты әңгімесі үшін алғысын білдірді.