ЗИЯТКЕР ОҚУШЫЛАР ТІЛ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Еліміз Қазақстан халқы тілдері күнін бірінші рет қазақ тілі білімінің негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде атап өтті. Аталмыш мереке қыркүйектің 5-жұлдызында Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде атап өтті.

Тіл – достықтың кілті, бірліктің бастауы, ұлттың жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен басты құндылық десек жаңылмаймыз.

Бүгін мектепте тіл мерекесі қарсаңында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері сабақтан тыс уақытта танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.

Қазақ тілі мұғалімдері таңертең мектеп кіреберісінде оқушылар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Кім жылдам?», «Жылы лебіз» атты сайыс өткізді. Әрбір оқушы өздерінің білетіндерін ортаға салып, белсенділік таныта білді.

Учителя русского языка провели познавательно-развлекательные мероприятия. Учащиеся отвечали на занимательные вопросы, демонстрировали знания русских пословиц и поговорок. Кроме этого, обогащали свой запас знаний фразеологизмами. Ученики смогли продемонстрировать свои актерские таланты, инсценируя известные выражения русского языка. Командный дух проявился в выполнение заданий на скорость. Учащиеся 7-11 классов приняли активное участие и высказали пожелания о том, чтобы такие мероприятия проходили чаще.

Karaoke activity was conducted for students during breaks. Students listened to popular songs of their interest, sang along and danced. This activity was aimed at developing students’ listening, pronunciation and speaking skills.