Көктем — керемет жыл мезгілі. Барлығымыз білетіндей, көктем кезінде дала жаңарып, гүлдене бастайды. Көктеммен бірге жарыса, біз де жатақханамызды көгалдандырамыз деп шештік. Жатақхана меңгерушісі Бакытжамал Батырхановна, тәрбиешілер мен оқушылар ақылдаса отырып, «Жасыл мектеп, жасыл жатақхана» акциясына қатысамыз деген шешімге келдік.
Біз жатақханамыздың бірінші қабатын безендіреміз деген ортақ шешім қабылдадық. Оқушылар, ата-аналар мен тәрбиешілер атынан үлкен қолдау көрсетілді. Жасыл қабырғаны бірінші қабатта оқушылар өздерінің бос уақытын өткізетін жерінде орналастырамыз деп жоспарладық. Қабырғаның дизайнын көп талқыға сала келе, оның тік бағытта болатынын шештік. Осы жобаға барлық жатақханада еңбек ететін жұмысшылар, және мектептегі биология пәнінің әдістемелік бөлімі, информатика мұғалімі А.И Шерцер. ат салысты. Қабырғаны жасау барысында үш түс қолданылды, олар: қызыл, ақ және жасыл. Гүлдер сатылы түрде шоғырландырып, әр түс кезекпен орналастырылды. Гүлдердің сәнді және ұзақ уақыт гүлдейтін түрлерін таңдадық: коланхое, хлорофитум, драцена және тағы сол сияқты өсімдіктер. Жасыл қабырғамыз өте көрікті және де сол жерге жарасымды болды. Оның көркін одан сайын көркейту үшін, оқушылар гүлдерді күнделікті қадағалап, суарып, қажетті күтім көрсетеді. Оқушыларға сол жерде отырып, гүлдерді тамашалауға өте ұнайды.
Оқушылардың жасыл бұрыш жайлы ойлары:
«Менің ойымша, демалыс орынын біз үшін жайландыру, әрі көгалдандыру керемет ой болды. Біз қазір тек далада ғана емес, жатақханада да таза ауамен демаламыз. Енді бұл бұрышты күту біздің қолымызда.»,-Назарбекова Нурзат.
«Жасыл мектеп» атты жобаны қолға алу, шынында өз пайдасын тигізуде. Жатақханадағы жап-жасыл өсімдіктер мен әсем гүлдер көздің жауын алады. Бұған қоса, дәліз ауасы әрдайым тазарып тұрады. Әсіресе, өсімдіктерге балалармен бірге күтім жасау өте қызық.»,-Сағит Ділназ.
«Күнделікті сол жерде сабақ дайындағандықтан, ол жердің жайлы атмосферасы, интерьері маған ұнайды. Мен бұл жобаның жүзеге асырылғаның толықтай қолдаймын.»,- Маженов Мейржан.
Бұл жоба басында бір ойдан шығып, өз дәрежесіне сүрінбей жетті. Осы «Жасыл мектеп, жасыл жатақхана» атты жобаға белсенді қатысқан жатақхана тәрбиешісі Ержанова Гүлфира Қабдуғалиқызына үлкен алғысымызды білідіреміз.
Жатақхана тәрбиешісі: Еришева Ж.Б.